09 қаңтар 2024 12:21

Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға: кінәлі болуы мүмкін адамдар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов үкіметтік комиссия нұсқасы бойынша, Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін басшыларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов үкіметтік комиссия нұсқасы бойынша, Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін басшыларды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан соң министрге: "(Костенко шахтасындағы апатқа байланысты - еск.) қорытындыда жұмыс берушілердің 100 пайыз кінәсі болғаны жазылған. Заң бұзған 28 адам анықталды. Олар кімдер? Бұл тағы қарапайым жұмысшылар ма?" - деген сұрақ қойылды.

Сырым Шәріпханов апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі болмағанын жеткізді.

"Сұрағыңызды түсіндім. Бұл қарапайым қызметкерлер емес. Бұл - инженерлік-техникалық ұжым. Олар осы жұмысқа жауапты. Бұл - жауапты басшылар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді және сот олардың кінәсін анықтайды. Мен 28 адамның айта алмаймын. Жазбаша жазып берейік. Бірақ АМТ бас директор Яблонский, ұжым жөніндегі директор Винокурова, АМТ Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый мырза, оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар", - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети