Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Құны 300 миллион теңге болатын тәркіленген тондар Ақтөбе облысында сатылды

18 Сәуір 2014, 20:15
0
Сурет www.rg.ru сайтынан
Сурет www.rg.ru сайтынан

Бағалы контрабандалық ішіктерді сатудан түскен қаржы Қазақстан бюджетіне түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе көлік прокуратурасы облыстық Кеден бақылау департаментімен бірлесе отырып, Қытайдан "Lotus Center" ЖШС мекен-жайына келген жүкке тексеру жүргізді. Тексеру барысында қымбат құндыз ішіктердің мағлұмдалмаған фактілері айқындалды.

Прокуратураның қуынымы бойынша Ақтөбе облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен сомасы 300 миллион теңге болатын заңсыз әкелінген тауар контрабанда бұйымы деп танылып, мемлекеттің кірісі айналымына қосылды", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі "аталған мүліктер сәуір айында сауда арқылы сатылып, түскен қаржы республикалық бюджетке аударылды" дейді.

"Осы факті негізінде Қылмыстық кодекстің 209-бабындағы І бөлігі бойынша (экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды, алайда әрі қарай кешірім актісі себебімен тоқтатылды", – деп айтылған ведосмства таратқан мәліметте.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай