Күзетші оларды әскерилер алып кеткенін көрген - Мысырда жоғалып кеткен қазақстандықтың ағасы

25 Шілде 2017, 13:38
0
Күзетші оларды әскерилер алып кеткенін көрген - Мысырда жоғалып кеткен қазақстандықтың ағасы - Еламан Жазылхан және Қанат Берік. © Facebook
Еламан Жазылхан және Қанат Берік. © Facebook

Мысырда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық Қанат Беріктің ағасы інісінің діни ағымдарға еріп кеткені жайлы болжамды жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Негізінде олар намаз оқиды, бірақ фанатизмдері жоқ. Каирге кетпес бұрын Қанатпен Skype арқылы сөйлескенмін. Ол да осындайдан қауіптенетін. Бұл елдегі қақтығыстардың ұшы тиіп кетпесін деп. Өйткені ол елдегі еш тарапқа жақтас болмаған. Қазақстан ұстанған позицияда болды, ешқайда бас сұқпайтын, ешқандай діни афераларға. 100 пайызға сенімдімін және Еламан Жазылхан туралы айтарым да сол", - дейді жоғалып кеткен жігіттің ағасы Айбол Исабек. 

Оның айтуынша, Қанат пен Еламан Каирде бірге тұрып жатқан төрт жігітпен бұрын таныс болмаған. Каирге екі айға кеткен. Екеуі де - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары. Жоғалып кеткен жігіттердің отбасы университтегі куратормен сөйлескен, бірақ ол да ештеңе білмейтін болып шықты.

Қанат Беріктің ағасы қазақстандықтар тұрып жатқан үйдің күзетшісі оларды әскерилердің алып кеткенін көргені туралы ақпараттың барын айтады. 

"Форма кигендер алып кетті деген ақпарат бар. Бірақ қандай форма екені нақты белгісіз. Үйдің күзетшісі көрген", - дейді Айбол Исабек. 

Мұның алдында жігіттердің Мысырға 11 шілдеде аттанғаны, алдымен Алматыдан - Шарджаға, кейін Александрияға ұшып кеткені белгілі болған. Елге жеткен кезде елшілікте тіркелген, ал 20 шілдеде байланысқа шығуын тоқтатты. 

Айбол Исабектің сөзінше, Мысырдағы Қазақстан консулы олардың қайда екенін әлі білмейді. 

Еске салайық, Мысырда алты қазақстандық студент жоғалып кеткен болатын


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай