Мысырда жоғалып кеткен қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды

25 Шілде 2017, 11:24
0
Мысырда жоғалып кеткен қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды - Қанат Берік және Еламан Жазылхан. © Facebook
Қанат Берік және Еламан Жазылхан. © Facebook

Мысырда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандықтар туралы жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қолда бар мәліметтер бойынша, алты қазақстандық студент 20 шілдеден бастап туыстарымен байланысқа шықпады. Екеуі екі айлық тіл курстарынан өту үшін Каирге 11 шілдеде келген. Барлығы бір пәтерде тұрып жатқан. 20 шілдеде байланыс үзілді. Сол уақыттан бері қазақстандық дипломаттар іздеу шараларына кірісті. Қазақстан елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтарының қайда екенін анықтауға жәрдемдесуді сұрап, нота жолдады. Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов үкімет отырысынан тыс жерде. 

"Олардың "Ніл" оқу орнында білім алып жатқаны анықталды. Біздің елшілік өкілдерінің сөзінше, олардың іс-әрекеттерінде күдікті ештеңе болмаған", - деп атап өтті Жайнақов. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Мысырда алты қазақстандықтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған болатын. Айбол Исабек есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жоғалып кеткен қазақстандықтардың екеуінің есімін атаған болатын. Олар - Қанат Берік және Еламан Жазылхан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай