18 сәуір 2014 13:20

Қырғызстанда балаларды жазым еткен зат - гранатомет снаряды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ВОГ-25 гранатасы. ©Аrms.ru ВОГ-25 гранатасы. ©Аrms.ru

Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанда балаларды жазым еткен жарылғыш зат - ГП 25 гранатометінің снаряды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.


Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстанда балаларды жазым еткен жарылғыш зат - ГП 25 гранатометінің снаряды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

Снаряд 1999 жылғы Баткен оқиғасынан қалған болуы ықтимал. Ол кезде елге қарулы құрылымдар заңсыз кіріп, осы жерде ұрыс әрекетті жүрген болатын. Мемлекеттік шекара қызметі Баткен және ОШ облысының тұрғындарына жарылғыш зат табылған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабар беруді ескертті.

Қазіргі уақытта өңірде Баткен соғысынан қалған жарылғыш заттарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2001 жылдан бері шекарашылар бұл аймақтан 10 атыс қаруын, 15 мина, 11 граната, 3 қол гранатометі, 7 авиабомба мен 1000-нан астам оқ-дәрі тапқан.

Еске салайық, бұған дейін Баткен облысының Зардалы елді мекенінде алты баланың жарылғыш затты тауып алып, оны жарып алғаны хабарланған еді. Бір бала сол жерде, тағы бір бала ауруханада қайтыс болды, қалғандары түрлі деңгейде жарақат алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети