Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қырғызстанда екі бала жарылыстан қаза тапты

18 Сәуір 2014, 10:52
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Қырғызстанның Баткен облысының Зардалы ауылының маңында 4-10 жас шамасындағы алты бала жарылғыш зат тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.

Қауіпті зат жарылып кетіп, бес бала түрлі деңгейде жарақат алды, олардың бірі сол жерде, тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Төтенше оқиға болған жер Баткен шекара жасағының "Қорғон" шекара заставасы учаскесіне қарайды.

Застава бастығы бастаған шекарашылар тобы оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналы жәрдем көрсетті, балаларды ауруханаға жеткізді. Бұл жұмыстар ұзаққа созылды, себебі Зардалы ауылы екі мың метрге жуық биіктікте орналасқан.

Қазір Қарабелес өткелі қар көшкіні қаупіне байланысты жабылған, сондықтан шекарашылар балаларды ауруханаға дейін 12 шақырым жаяу жүріп жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қалған балалардың жағдайы тұрақты. Мамандар жарылғыш заттың түрін, оның қайдан алынғанын анықтап жатыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай