Қызылорда облысында балық аулап отырған адам суға кетті

20 Сәуір 2014, 10:48
0
Қызылорда облысында балық аулап отырған адам суға кетті - Фото Марат Әбілов©
Фото Марат Әбілов©

Қызылорда облысында балық аулап отырған адам суға кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Арал ауданындағы Ақшақат маңында (Арал теңізі) болған. ТЖМ деректері бойынша, 18 сәуір күні Астана уақытымен 18.30-да балық аулап отырып, 1992 жылы туған С.Тілесов деген азамат суға кеткен. Оның денесі тек 19 сәуір күн табылған.

"19 сәуір күні Астана уақытымен 19.30-да Қазақстан ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен (жеке құрамның төрт адамы және бір техника бірлігі) суға кеткен адамның денесі табылып, дариядан шығарылды", - деп хабарлайды ТЖМ.

Сонымен қатар, ТЖМ деректері бойынша 19 сәуірде Қазақстанда тағы бір ТЖ болған. Алматыда Құрманғазы көшесіндегі (102 ғимарат) жаңадан салынып жатқан объекте ("Роял" ТҮК) Астана уақытымен 11.39-да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанда, "Сазтөбе цемент" ЖШС жұмысшысы, 1993 жылы туған Н.Оразбаев екінші қабат биіктігінен құлап, ауруханаға жеткізілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай