31 шілде 2014 18:27

Қызылорда облысында бұзақылар көліктерге оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Rewalls.com ©Rewalls.com

Қызылорда облысында екі жігіт машиналар мен адамдарға оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында екі жігіт машиналар мен адамдарға оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жігіттер облыстың аудан орталықтарының бірінде бір автокөліктің жолын өз көліктерімен бөгеген. Машинадан шығып, әлгі көлікке жан-жағынан оқ жаудырады. Оқ көліктің терезесіне тигенімен, оның жүргізушісі қашып құтылады.

"Содан кейін бұзақылар басқа көлікті тоқтатып, оған да оқ атады. Бірақ жақындап келе жатқан полиция автокөлігін байқап қалып, оқиға орнынан қашып кетеді. Тергеушілер мен сот олардың бірінің машиналарға, бірінің адамдарға оқ атқанын анықтады", - дейді мамандандырылған соттың баспасөз қызметі. 

Тергеудің нәтижесіне қарағанда, бұзақылық әрекеттің салдарынан екі автокөлікке және бес адамның денсаулығына нұқсан келген. Бір адамның көзіне әйнек сынығы тиген. 

Сотта айыпталушылар өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап жігіттерге кешірім беріп, соттан жеңіл жаза беруді сұрады. Сот жауапкерлерді бұзақылық жасауға және адам өлтіруге әрекеттенуге кінәлі деп тауып, олардың бірін төрт жылға, екіншісін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети