08 мамыр 2014 20:33

Қызылорда облысында қаралы күн жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Тengrinews.kz Оқиға орны. ©Тengrinews.kz

Қызылорда облысында 7 мамыр күні Шиелі ауданы аумағында болған ірі жол апаты құрбандарын аза тұту күні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты 8-10 мамыр күндері облыста мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге шектеу қойылды. Облыстық телеарналардағы сауықтық бағдарламалар кейінге қалдырылды. "Әкімдік пен облыс мәслихаты кеше қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының Тартоғай елді мекеніне жақын тұсында жолаушылар таситын Mersedes-Sprinter шағын автобусы Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтыққан еді. Екі көлікте 19 адам болған. 10 адам, оның ішінде, екі жүргізуші де оқиға орнында жан тапсырды. Тағы сегіз адам ауруханаға түсті. Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети