09 желтоқсан 2020 12:30

Қызылорда облысында көлден 4 адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада УАЗ автокөлігі көлге батып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада УАЗ автокөлігі көлге батып, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Қызылорда облысы Арал ауданында Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде болған. Онда мұз ойылып, УАЗ көлігі суға кеткен.

"Көлікте 7 адам болған. Оның үшеуі көліктен өз күшімен шықты. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды.

9 желтоқсанда таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды.

7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 сантиметр) УАЗ автокөлігі табылды. Көліктің ішінде қаза тапқан жолаушыдарың денесі болған", - делінген хабарламада.

 Құтқарушылар сағат 10.05-те 4 адамның мәйінін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

"Іздестіру жұмысына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және жолаушылардың туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети