28 наурыз 2019 | 00:36

Қызылорда облысында тікұшақ апаты болған жерде түсірілген видео жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Қызылорда облысында тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Facebook желісіндегі Kokshetautoday парақшасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында тікұшақ апаты болған жерде куәгерлер түсірген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Facebook желісіндегі Kokshetautoday парақшасына сілтеме жасап. 

Видеода құлаған әуе кемесінің отқа оранғаны түсірілген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, видео күн жарық кезде түсірілген. 

Еске салайық, бүгін Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы құлады. 2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Тікұшақ бортында 13 адам болған. 

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Қызылорда облысында құлаған Ми-8 тікұшағының экипажы қаза тапқанын мәлімдеді.

"Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады. Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазды Қазақстан Президенті.

Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды. Қазіргі уақытта екі тікұшақ Қызылордаға қонды, біреуі апат орнына оралды. 

Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірігіп, әуе апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. ІІМ ТЖ жөніндегі комитететінің мәліметінше, МИ-8 Қызылорда облысы Жалағаш ауданында құлаған. Тікұшақ белгісіз жағдайларда құлап, толықтай өртеніп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer