24 мамыр 2020 13:45

Қызылордада 10 жасар бала суға ағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК телеарнасы © КТК телеарнасы

Қызылорда қаласында 10 жасар бала суға ағып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Қызылорда қаласында 10 жасар бала суға ағып кетті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оқиға 23 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен.

"Қазір оның денесі іздестіріліп жатыр. Оған Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 22 қызметкері тартылған. Әзірге нәтиже жоқ. Жыл басынан бері облыста 7 адам суға кетті. Былтыр бұл жағдайдан барлығы 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала. Аймақта әлі суға түсу маусымы басталған жоқ. Сондықтар тұрғындардан қауіпсіздік шараларына назар аударуын сұраймыз", - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети