13 қыркүйек 2019 16:12

Леңгірде 23 оқушы уланып қалды

Түркістан облысында 23 оқушы мен мектептің екі жұмысшысы уланып, ауруханаға түскен. Леңгірде білім беру мекемесінде газ баллонынан улы зат шашылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында 23 оқушы мен мектептің екі жұмысшысы уланып, ауруханаға түскен. Леңгірде білім беру мекемесінде газ баллонынан улы зат шашылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға №7 мектеп-лицейінде 12 қыркүйекте болған.

"10-сынып оқушысы мектепке газ баллонын әкеліп, дәлізде қоңырау кезінде шашып жіберген. Салдарынан 23 оқушы мен екі мұғалім және бір техникалық жұмысшы аураханаға жеткізілген. Қазіргі уаөытта ауруханада 11 бала жатыр. Олардың жағдайы тұрақты", - деп хабарлады облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, мектепте ауаны тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Іспен полицейлер, прокурорлар және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері айналысып жатыр.

"Балалардың қауіпсіздігіне байланысты жұмадағы сабақтар сенбіге ауыстырылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети