Лифтідегі шабуыл: жарақат алған баланың анасы мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада лифтіде зардап шеккен баланың анасы оқиғаның егжей-тегжейін баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

Зардап шеккен баланың есімі - Батыр. Шабуыл кезінде ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан.

"Оны дүкеннен картоп әкелуге жібергенмін. Өзім кішкентай баламен үйде болдым. Терезеден қарап тұрдым, Батыр үйдің қоңырауын басты. Оған қол бұлғадым. Ал жасөспірім есіктің жанында тұрып, басқа қызға тиіскен екен. Батыр есікті ашқанда, онымен бірге кіреберіске, кейін лифтке жүгіріп кірген. Бұл видеодан көрінеді", - дейді баланың анасы.

Қансыраған бала үйге өзі жетіп, кіреберісте құлап қалған.

"Ол 1-қабаттан 4-қабатқа дейін қансыраған күйде жеткен. Ол үйге кіріп, "ана, мен өліп бара жатырмын, мені өлтірді" деді де жерге құлады. Сол кезде оған не болғанын түсіне алмадым. Оның бетінен қан атқылап жатты, бәрі қанға боялды. Шошып кеттім. Көршілерге қоңырау шалдым, ал олар дәрігерлерге хабарласты. Бақытымызға орай, көршіміз Жандос хирург еді, қан кеткенін тоқтатуға көмектесті, әйтпесе ұлым одан да көп қан жоғалтар еді. Содан кейін оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті", - дейді есеңгіреп қалған әйел.

Полиция оқиға орнына жедел жеткен. Кейінірек лифт пен кіреберістегі бейнебақылау камераларының арқасында оқиға қалай болғаны анықталған.

"Кіреберістегі камералардан жасөспірім лифтке кіріп, кейін шыққаны көрінеді. Алдымен оны күрекпен ұрған шығар, өйткені лифтіде бірнәрсені бөліспей қалған болар, балалар ғой деп ойладым. Жантүршігерлік видеоны кейінірек көрдім. Ол лифтіні ұстап тұрып, алдымен Батырды күрекпен алаңдатқан. Содан кейін пышақты шығарып, бетіне ұра бастаған. Ал кейін қашып кеткен", - дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, дәрігерлер ауруханада Батырдың бетін тіккен.

"Ауруханада бізге жүйкесі мен артериясы зақымдалғанын айтты. Түнде оның жағдайы ауыр болды. Бізді кіргізбеді. Енді палатаға ауыстырды, есін жиды. Оның сол жақ беті жұмыс істемейді, беті ісінген, оған қоса қант диабеті диагнозы қойылған еді, 1-түрі, оның қашан қалпына келетінін білмеймін", - дейді Батырдың анасы.

Әйел бұл жасөспірімді бұрын-соңды тұрғын үй кешенінде көрмегенін айтады. Зардап шеккен баланың анасы оған ең қатаң жазаны талап етіп отыр.

Пышақ кейінірек тұрғын үй кешенінен 250 метр қашықта, балабақша маңынан табылған.

Оқиғаның мән-жайы

2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer