04 сәуір 2019 14:32

Ломбардқа шабуыл: Нұр-Сұлтан полициясы адамдарды кепілге алды деген мәліметті растамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

"Адамдарды кепілге алу" видеосына қатысты Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Адамдарды кепілге алу" видеосына қатысты Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде видео таралып жатыр, онда қаладағы ломбардтардың бірінде белгісіз біреудің адамдарды кепілге алынғаны көрінеді. Видеода сөйлеп тұрған азаматтың адамдарды кепілге алды деген мәліметі шындыққа жанаспайды", - деді полиция өкілдері. 

Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, 3 сәуірде кешкі уақытта Гете көшесіндегі ломбард ғимаратына кіріп, қызметкерді қаруға ұқсас затпен қорқытып, ақша беруді талап еткен белгісіз ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Ол ақшаны алып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Қылмыс жасады деген күдікке ілінген жігіттің жасы 25-27-те, бойы 175-177 сантиметр, ол қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік таққан. Сондай-ақ, ашық жасыл түсті медициналық маскада болды, капюшоны бар қара түсті маусымдық күртеше, көк түсті спорттық шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовка киген", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети