1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Лондондағы мешіт маңында болған оқиғадан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр

© REUTERS © REUTERS

ҚР Сыртқы істер министрлігі Лондонда мешіт маңында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар бар-жоғын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Лондондағы елшілігі осы оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтап жатыр", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Әзірше бұл оқиға теракт деп танылған жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Лондонда фургонның мешіттен шығып келе жатқан адамдарды қағып кеткені жайлы хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша түн ортасында Севен Систерс көшесінде болған. Көлік жолдан шығып кетіп, мешіттен шығып келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.