26 қазан 2023 17:53

"Лондондағыдай": Астанада көліктердің кіруіне шектеу қою жоспарланып отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Астананың Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасы ластаушы заттар көп бөлінетін бензин мен дизельді көліктердің Астанаға кіруіне шектеу қоюды ұсынды. Бұл туралы ведомство басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс "белсенді сатыда қаралып жатыр".

"Биыл басқарма Лондонда қолданылатын тәжірибеге ұқсас қала аумағында төмен эмиссия аймағын құру бойынша пилоттық жобаны енгізуді ұсынды. Негізгі идея - қалаға ластаушы заттар көп бөлінетін бензин мен дизельді көліктердің кіруін шектеу", - деді Бердалин Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы кезінде.

Оның айтуынша, аймақтың шекарасы кіреберіс алдында және негізгі қиылыстарда белгілермен нақты көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети