03 қыркүйек 2020 09:32

Маңғыстау даласында жоғалған анасы мен баласы екі күннен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Анасы мен кәмелетке толмаған баласы Маңғыстауға бірге барған туристерден бөлінгеннен кейін жоғалып кеткен. Оларды екі күн бойы іздестірген. Әйелдің құрбысы Ирина Муравьева оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.


Анасы мен кәмелетке толмаған баласы Маңғыстауға бірге барған туристерден бөлінгеннен кейін жоғалып кеткен. Оларды екі күн бойы іздестірген. Әйелдің құрбысы Ирина Муравьева оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Дереккөз мәліметінше, 29 тамызда бір топ адам 4 көлікпен Ақтау - Бозжыра - Қызылқұпы - Каранжарык - Бұлойық үңгірі бағыты бойынша жолға шыққан. Бір тәулік өткен соң олар Үстірт қорығына жеткен. Тағы бір тәуліктен соң 31 тамызда туристер Бұлойық үңгіріне аттанған.

"Сол кезде Ольга бізге хабарласып, басқа жолмен жүретінін ескертті. Себебі ол осыған дейін бұл жерге бірнеше рет келген екен. Сосын барлығымыз кездесуіміз керек деген жерге бардық, бірақ оны таппадық. Көлігі де орнында жоқ. Сол кезден бастап іздей бастадық", - дейді құрбысы Ирина.


Бұлойық үңгірі, анасы мен баласы жетуі керек болған жер.

Басылымның мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Қарақия ауданының полиция қызметкерлері, Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің мамандары, қорықшылар, жедел құтқарушылар жұмылды.

2 қыркүйекте іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ольга мен баласы табылды. Туристердің көлігі беймәлім себеппен өртеніп кеткен екен.

Әйелдің құрбысы іздестіру жұмыстарына атсалысқандардың барлығына алғыс білдіреді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети