14 мамыр 2019 16:51

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Лада" © "Лада"

Маңғыстау облысында № 4 өндірістік аймақта жол-көлік оқиғасы болды. Екі көліктің соқтығысуынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

14 мамырда таңғы 07:30-да жолда Daewoo Nexia және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысты. 

Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Daewoo Nexia жүргізушісі алдындағы көлікті озып өтпекші болып, жолдың қарсы бетіне шыққан. Осы кезде бетпе-бет Toyota Hilux автомобилі шыға келген. 

Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық бақылаудан өткен олар үйлеріне жіберілді. 

Іс материалдары әкімшілік сотқа жіберіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети