Маңғыстау облысының полициясы жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр

07 Шілде, 12:34
0
Маңғыстау облысының полициясы жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр - © lada.kz
© lada.kz

Полицейлер Маңғыстау облысы Жетібай-Шетпе тасжолында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада"

Жетібай - Шетпе тасжолында "КамАЗ" және FAW CA маркалы көліктер соқтығысқан. Қытайлық көліктің жүргізушісі алған жарақатынан қайтыс болды. Облыстық полиция департаментінің мамандары жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Қандайда бір мәліметтерді білген жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8(7292) 47-44-19, 8(701) 888 47 89.

Айта кетейік, Жол апаты 29 мамырда болған. Маңғыстау облысында екі көліктің соқтығысу салдарынан 34 жастағы Станислав Глебов қайтыс болды. Ақтау тұрғынының анасы апат болған жерде көліктен ірі көлемде қаражат жоғалғанын айтқан еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай