03 қараша 2021 15:19

Маңғыстау тұрғыны ажырасқаннан кейін қалың малды қайтаруды талап еткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облыстық соты бұрынғы әйелінен қалың малды қайтаруды талап еткен тұрғынның арызын қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау облыстық соты бұрынғы әйелінен қалың малды қайтаруды талап еткен тұрғынның арызын қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Талапкер жауапкер мен оның ата-анасынан 800 000 теңге, гауһар тастармен көмкерілген алтын бұйымдар, екі кілем және қалың мал ретінде берген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Алайда тұрғын жауапкерлер оған мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме болғаны туралы дәлелдер ұсынбаған.

"Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жастардың некеге тұруы кезінде берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде бір-біріне сыйлық беріп, кейін қайтарып алу туралы міндеттеме жоқ", - деді сот.

Ер адамға талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны айтылды. Ол апелляциялық шағым түсіріп, онда сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұраған. Бірақ судьялар алқасы апелляциялық шағымды және сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети