27 маусым 2020 10:50

Маңғыстауда газ жарылысынан екі адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ІІМ ТЖК Сурет: ІІМ ТЖК

Маңғыстау облысында газ жарылысынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында газ жарылысынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40-та Мұнайлы ауданының Баянды ауылы маңында "Матайбаев" базасында болған. "Көлемі 40 текше метр стационар ыдыстан сұйытылған газды автоцистернаға айдау кезінде газ шығып, ауамен қосылған соң жарылыс болды, өрт шыққан жоқ", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Сурет: ІІМ ТЖК

Салдарынан 1974 жылғы ер адам мен 1987 жылғы Өзбекстан азаматы көз жұмды.  Оқиға болған жерге облыстық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен екі өрт сөндіру техникасы, Полиция департаментінен 20 қызметкер мен төрт арнайы техника шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети