02 наурыз 2018 11:47

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан өзбек азаматтары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

ҚР Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тасжолында жол апатынан қаза тапқан Өзбекстан Республикасы азаматтарының аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР Маңғыстау облысындағы Ақтау-Бейнеу тасжолында жол апатынан қаза тапқан Өзбекстан Республикасы азаматтарының аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаза тапқандар тізімі Өзбекстан ТЖМ сайтында жарияланды:

Аллаяров Расулбек Кузибоевич, 23.02.1981 туған - Хорезм облысы, Шават ауданы, "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі;
Душамов Зокир Куранбоевич, 11.04.1977 туған - Хорезм облысы, Шават ауданының тұрғыны, ("Лада Ларгус" автокөлігінің жолаушысы);
Рахимов Шерзод Сапарбоевич, 12.07.1980 туған - Хорезм облысы, Шават ауданының тұрғыны, (жолаушы);
Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, 27.10.1995 туған - Хорезм облысы, Багат ауданы (жолаушы); 
Мадаминов Гайрат Розматович, 13.10.1985 туған - Хорезм облысы, Гурлан ауданы (жолаушы);
Балтаев Махмуджон Сабуржан угли, 21.09.1995 туған - Хорезм облысы, Янгиарык ауданы (жолаушы).

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі "Шұғыл желісіне" (+998 71) 147-10-50, қаза тапқандардың туыстары оқиғаның мән-жайын білу үшін хабарласуына болады) қосты.

Еске салайық, 1 наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 04:30-да Маңғыстау облысы "Ақтау-Бейнеу" тасжолының бойындағы Сай-Өтес ауылының маңында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Онда Shacman маркалы жүк көлігі мен Lada Largus соқтығысған еді. 

Lada Largus жүргізушісі мен салонында болған алты жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Олардың кім екені анықталып жатыр. Сотқа дейінігі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети