24 қараша 2018 15:25

Маңғыстауда үйді дезинфекциялау кезінде екі адам көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© blizko.ru © blizko.ru

Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында тұрғын үйді дезинфекциялау кезінде бес адам уланды. Олардың екеуі көз жұмды. Бұл туралы Лада порталы Мұнайлы ауданының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 23 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Маңғыстау ауылында адамдар тұрғын үйді дезинфекциялаудан уланған.

"Аудан әкімі Рахат Елтізаров пен оның орынбасары, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға болған жерге барды. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар оқшауланды. Бұл мәселе облыстық биліктің қатаң бақылауында", - деп хабарлады Мұнайлы аудандық әкімдігіндегілер.

Аноним дереккөздің мәліметінше, уланудан зардап шеккендердің бірі бала.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети