29 маусым 2023 12:40

"Менің балама бер!" Атырауда сыйлық тарату кезіндегі дүрбелең видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Атырауда сыйлыққа бола дүрбелең жасаған тұрғындар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кадрларға қарағанда, жиын алаңдағы киіз үй маңында өтіп, тегін сыйлықтар таратылған.


Атырауда сыйлыққа бола дүрбелең жасаған тұрғындар видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кадрларға қарағанда, жиын алаңдағы киіз үй маңында өтіп, тегін сыйлықтар таратылған.

Қалың жиналғандар арасынан "Менің балама бер!" деп айқайлаған әйелдің үні естіледі.

Видеоға қатысты Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі пікір білдірді. Олар дүрбелең Исатай мен Махамбет алаңында Құрбан айтты тойлау кезінде сыйлықтар тарату кезінде болғанын растады.

"Шағын дүрбелең болды, 1000-ға жуық сыйлық таратылды, киіз үйде уақытша тарату пункті ұйымдастырылды. Содан кейін осы жағдайға байланысты еріктілер сыйлықтарды алып, алаңға кетті, сол жерде сыйлықтарды таратты. Бұл факт бойынша құқық қорғау органдарына немесе медицина қызметкерлеріне ешкім хабарласқан жоқ", - деп түсіндірді Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети