1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Mercedes жүргізушісі жантүршігерлік жол апатында қаза тапты

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Mercedes автокөлік жүргізушісі Орал-Атырау тас жолында болған жантүршігерлік жол апатында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйек БҚО Ақжайық ауданы Тоқпақ ауылының маңында болған. Полицейлердің хабарлауынша, тас жолда Mercedes автокөлігі мен жаңа автобус соқтығысып қалған. Автобустың іші бос болған, оны Атырауға айдап барған екен.

Алдын ала ақпараттар бойынша, жеңіл автокөліктің алдыңғы дөңгелектері істен шығып, автобуспен соқтығысқан. Mercedes автокөлігінің жүргізушісі жедел-жәрдем келгенше оқиға орнында қаза тапты. Ал жолаушы түрлі жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.