19 шілде 2022 14:54

Министр жылқыны көлігімен басқан жүргізушіге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Алматы облысында қасақана жол талғамайтын көлікпен жылқыны басқан жүргізушінің оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Алматы облысында қасақана жол талғамайтын көлікпен жылқыны басқан жүргізушінің оқиғасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынымды айтсам, бұл видеоны көрген жоқпын. Бұл жерде облыстың Ішкі істер департаменті (Полиция департаменті - еск.) анықтауы керек, бұл солардың жұмысы. Әңгіме жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасына қатысты болса, онда, әрине, ол үй жануарларын да қарастырады. Жылқы – ауыл шаруашылығы жануары, сондықтан олар жеке заңмен реттеледі", - деді Брекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, флора мен фаунаға бала кезден ұқыпты қарауды қалыптастыру қажет.

"Қоршаған ортаға, оның ішінде жануарларға деген көзқарасымызды өзгерту керек екені анық. Бұл жерде қоғамның тәрбиелік ролін, сана деңгейін жоғарылату қажет. Бұл мәселені жай ғана заң жобаларымен немесе заңнаманы үнемі қатайту арқылы шешу мүмкін емес. Бұл мәселені түбегейлі шешпейді, сондықтан сананы, оның ішінде бала кезден бастап өзгерту керек", - деді экология министрі.

Экология министрлігінің басшысы мұндай мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың функцияларын ажырату керек екенін де қосты.

"Мұндай әрбір іспен министрлік айналыса алмайды. Жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция бөлімдері және т.б. бар. Бұл жерде орталық органдар мен жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ажырата білу керек. (...)

Өкінішке қарай, мен бұл жағдайды көрмедім. Біздің қызметкерлер бұл мәселені бақылауға алды деп ойлаймын. Қалай болғанда да, мұндай жағдайдың бәрі тіркеледі. Осы жағдайлардың әрқайсы бойынша белгілі бір түсініктеме беріп, тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін Серікқали Брекешев.

Еске салайық, Алматы облысында жылқыны қасақана басқан жүргізушінің видеосы Желіде қызу талқыланған еді. Күдіктіні полиция ұстаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде атты басқан. Ер адам өзінің әрекетін бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырыстым деп түсіндіріпті.

Жануар аман қалған, бірақ иелері оны жарақаты болғандықтан бауыздауға мәжбүр болған.

Алматы облысында жылқыны көлігімен басқан жүргізуші жазаланбайтыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети