02 сәуір 2014 17:34

Нашар қызмет көрсеткен шаштараз қомақты шығын төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Nnm.ru ©Nnm.ru

Қостанай облысындағы Лисаков қаласының тұрғыны шашын дұрыс боямаған шаштараздан 300 мың теңгеге жуық шығын өндіріп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысындағы Лисаков қаласының тұрғыны шашын дұрыс боямаған шаштараздан 300 мың теңгеге жуық шығын өндіріп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Лисаков қалалық соты шаштараздың келтірген нұқсаны туралы талап арызды қарады, талапкер 2013 жылдың шілде айында Лисаков қаласының шаштараздарының бірінде құны 3800 теңгеге шаш бояу қызметін алады. Шаштараз өз қызмет көрсетіп жатқанда оған бас терісінің күйіп жатқанын айтып, ескерту жасайды, шаштараз солай болуы тиіс деп жауап береді. Шашын бояған уақыттан кейін үш апта өткеннен соң талапкердің шаштары түсе бастайды", - делінген таратылған хабарламада.

Соттың шешімімен шаштараздан талапкердің пайдасына 35 000 теңге мөлшерінде материалдық шығын және 250 000 теңге моральдық зиян өндірілді. "Талапкер сапасыз қызметті алғаннан кейін күйзеліске түскен, толыққанды өмір сүре алмай, ашушаңдыққа тап болған, бұл оның туыстары мен балаларына әсер еткен", - дейді сот өкілдері.

Сот шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ. Жауапкердің актке шағым беруіне құқығы бар.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети