20 наурыз 2022 18:22

Нұр-Сұлтанда 45 жолаушы ұшақ бортынан шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан - Қостанай рейсінен 45 жолаушы шығарылды. Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан - Қостанай рейсінен 45 жолаушы шығарылды. Азаматтық авиация комитеті себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 19 наурызында Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша Fly Arystan-ның КС-7341 рейсі жоспарланған A320 ұшағында уақытша техникалық шектеулер анықталды, осыған байланысты ұшақ бортына тек 110-нан аспайтын жолаушы қалуы керек болды. Шектеулер белгіленгеннен кейін осы рейспен ұша алмаған 45 жолаушыға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетілді", - делінген хабарламада.

Бұл - билеттерді басқа күнге қайта ресімдеу немесе билеттер құнын қайтару (билеттер қайтарылған жағдайда жолаушыларға билет құнынан үш еселенген сомаға билет сатып алу мүмкіндігі беріледі). Осыған байланысты 13 жолаушыға ақшасы толық қайтарылып, 32 жолаушы 20 және 21 наурызда ұшуға келіскен.

Сонымен қатар, комитет жолаушыларға алкогольсіз сусындар, ыстық тамақ және қонақүйде орналастыру қызметтері көрсетілгенін қосты.

"Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Авиация әкімшілігі биыл 24 наурыз бен 25 наурыз аралығында әуекомпаниясында жолаушылардың құқықтарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеруді белгіледі. Әуекомпания тарапынан заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети