03 сәуір 2019 09:11

Нұр-Сұлтанда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: Жүргізуші жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда №300 автобус Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты. Бұл туралы "Астана LRT" баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтанда №300 автобус Subaru маркалы автокөлікпен соқтығысты. Бұл туралы "Астана LRT" баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"№300 автобус Қорғалжын жолымен қалаға қарай бет алған. Жолда жеңіл автокөлік автобустың алдына шығып, күтпеген жерде тоқтай қалған. Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл автокөліктің артқы бөлігін соқты", - деп хабарлады "Астана LRT" өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Басшылық шешімімен ол жұмыстан шеттетіліп, Біліктілік орталығына қайта білім алуға жіберіледі. Ол № 1 автопаркта 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жүргізуші ретінде 13 жыл тәжірибесі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети