30 қыркүйек 2021 11:33

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиіледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, кейінгі тәулікте елордада 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Полиция жүргізушілерден автокөлікті басқару кезінде мүмкіндігінше мұқият болуды және абай болуды, ауа райы жағдайын ескере отырып, жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

"Жүргізушілер үшін ең қауіптісі дымқыл асфальт. Жол жамылғысы тайғақ, оның үсітіне түнгі аяз басталды. Бұл жағдайлар көліктердің тежеу ​​қашықтығының артуына ықпал етеді. Сондықтан кенеттен маневр жасаудан және тоқтаудан аулақ болу керек. Жаңбыр жолда көру мүмкіндігін азайтады. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығында жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көліктерді көрмейді, олардың әрекеттері кейде күтпеген жерден болады", - деді департамент өкілі.

Сонымен қатар, жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілер өтпес бұрын аса сақ болуды сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети