31 қаңтар 2020 13:17

Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде әйел адамды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан жасырынбақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан жасырынбақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты бүгін, 31 қаңтарда сағат 00.53-те болған. 35 жастағы жүргізуші HOWO көлігімен мас күйде келе жатқан. Ол Жұмабаев көшесімен Обаған көшесіне қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Hyundai Grand Starex көлігімен соқтығысқан.

"HOWO жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып, көлікті қалдырып кеткен. Полицейлер оны ізін суытпай ұстаған. Алған жарақаттардан 52 жастағы әйел ауруханада қайтыс болған. Қалған үш жолаушы - 18, 21 және 23 жастағы жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Қалған екі жолаушы мен жүргізуші ауруханадан үйлеріне жіберілді", - делінген полиция департаментінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында.

Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети