09 ақпан 2020 00:28

Нұр-Сұлтанда қалың қардан үйдің шатыры құлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Елордалық ТЖД баспасөз қызметі © Елордалық ТЖД баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда екі қабат үйдің шатыры қалың жауған қардан опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда екі қабат үйдің шатыры қалың жауған қардан опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

"Көктал-1" ауданы, Бабатайұлы 9а мекенжайына шұғыл шақырту 112 нөміріне 13.07-де түскен.

"Қаланың ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы орган оқиға орнына жеткен соң, екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйде қардың көп жиналуына байланысты жалпы ауданы 60 шаршы метр (шатырдың жалпы ауданы 768 шаршы метр) шатыр ішінара құлағаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің өртсөндірушілері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тез арада үйдің шатыры мен тротуарлық аумағынан қарды тазалауға кірісті", - делінген хабарламада.

Сағат 18.04-те үйдің төбесі толықтай тазаланған. Жалпы 288 текшеметр қар шығарылған.

"Үй тұрғындары құтқарушыларға жедел әрекет еткені үшін және атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдірді.
Астаналық ТЖД тұрғын үй кешендерінің (ПИК) және әкімшілік ғимараттарының (бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсетуші компаниялардың өкілдеріне ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ осындай төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиесілі аумақтарда, учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы өткізу туралы ұсыныс жасады", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

"Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттарының өкілдеріне кіреберістердің шатыры мен күнқағарларын қар мен мұздан тазартуды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуарлық жолдарды тазартуды ұсынамыз", - деп толықтырды құтқарушылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети