25 мамыр 2021 12:58

Нұр-Сұлтанда полицейлер сәби мен қарияны өрттен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Нұр-Сұлтанда полицейлер сәби мен қарияны өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда полицейлер сәби мен қарияны өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 18.40-та Нұр-Сұлтан ПД патрульдік полиция полкінің инспекторлары аға лейтенанттар Ерсұлтан Сарыбаев пен Нұржан Жантаев Жеңіс даңғылындағы тұрғын үйдің екінші қабатынан қою түтін шығып жатқанын байқаған.

Полицейлер өрт сөндіру бригадасын шақырып, уақыт жоғалтпастан тұрғындарды жедел эвакуациялаған. Осы уақытта олар жоғарғы қабаттан әйелдің көмек сұрап айқайлағанын естіген. Оның 3 айлық баласы түтінге тұншығып қалған екен. 

Түтіндеп жатқан пәтерге кірген Ерсұлтан Сарыбаев бала таза ауамен дем алу үшін терезеге жақындатып, кейін дымқыл жамылғыға орап, көшеге шығарған.

Тұрғындар төртінші қабаттағы пәтерде 67 жастағы қария барын айтқан. Жедел түрде пәтерге барған тәртіп сақшысы ер адамды арқасына көтеріп алып шыққан.

Полицейлермен әңгіме барысында сәбидің анасы мен қарияның қызы туыстарын құтқарғаны үшін елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовке алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети