02 қаңтар 2022 13:33

ОАР астанасында парламент ғимараты өртенді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Twitter @PrinceBaTumi и @circlingthesun Фото Twitter @PrinceBaTumi и @circlingthesun

Кейптаунда орналасқан ОАР парламенті ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.


Кейптаунда орналасқан ОАР парламенті ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Қаланың өрт-құтқару қызметі басшысы Джермейн Карелстің айтуынша, төтенше жағдай жөніндегі қызметке өрт туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 05.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.00-де) түскен. News24 мәліметінше, қазір оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бригадасы өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.

"Температура жоғары екенін көруге болады. Сондай-ақ, ғимараттың кейбір жерлері бүлінді, құлауы да мүмкін", - деді Карелс.

Twitter-де блогер Ulrich van Vuuren оқиғаның видеосын жариялады.

Қалалық қауіпсіздік комитеті өкілінің айтуынша, үшінші қабат жанып жатыр, өрт Ұлттық Ассамблея ғимаратына (Парламенттің төменгі палатасы) да таралған. Алайда қоғамдық жұмыстар министрі Патрисия де Лилль Ұлттық ассамблея ғимараты жанып жатпағанын, бірақ өрт бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Кейптаундағы Парламент кешені бірнеше ғимараттан тұрады: 19 ғасырда салынған ескі ғимарат және төменгі палата орналасқан 1920 және 1980 жылдары салынған жаңа ғимарат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети