ОҚО балабақшасында мүгедек қызды зорлады деп айыпталған массажиске қатысты түсінік берілді

20 Қыркүйек 2016, 18:39
0
ОҚО балабақшасында мүгедек қызды зорлады деп айыпталған массажиске қатысты түсінік берілді - ОҚО прокуратурасы © otyrar.kz
ОҚО прокуратурасы © otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының өкілдері Сарыағаш ауданында балабақшада болған дауға байланысты түсініктеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың ата-анасы балабақшаның массаж жасаушысын зорлады деп айыптады. 

"2016 жылдың 11 шілдесінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, қылмыс деректернің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Бұл істің, яғни сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын тоқтату мәселесінің заңдылығы жөнінде облыстық прокуратура мен Бас прокуратура тексеріп, қылмыстық іспен толығымен танысып шыққан. Ол шешімді бұзуға себеп жоқ", - деді ОҚО Прокуратура қызметкерлері. 

Айта кетейік, қыздың анасы құқық қорғау органдарына өткен жылдың 5 маусымында шағым түсірген. Прокуратура өкілдерінің мәліметіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы "Кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша іс қозғалған. 

"Балабақшаның тәрбиешілері зардап шеккен баланың оларды тыңдамай үстелден секіріп, құлағанын айтты. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілген, соның ішінде екі рет Астанадан келген комиссия қатысқан. Барлық тексерудің нәтижесі бірдей болып шыққан. Олардың қорытындысына сәйкес, қыз абыройына нұқсан келмеген, дене зақымдары ер адамның жыныс мүшесінен немесе массаждан болуы мүмкін емес. Ол жарақаттар мүмкін қатты заттың соққысынан пайда болған, жаңағы айтылған балалар үстелінен сияқты заттан", - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорлары.

Алайда, жәбірленуші отбасының адвокаты Дәурен Момбаевтың айтуынша, іске қатысты ең басты заттай айғақ жоғалып кеткен - қыздың жатардағы киімі (пижама). Адвокаттың айтуынша ондай киімдерде қанша жыл өтсе де қылмыскердің биологиялық ізі яғни шәуеті немесе тер майларының ізі қалады. 

Прокуратурада осы киімнің жоғалуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл істің балабақша массажисіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларының тоқтауына әсер етпейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай