ОҚО-да бес адам мерт болған жол апатында тірі қалған жүргізушіге күрделі ота жасалды

15 Қараша 2016, 17:18
0
ОҚО-да бес адам мерт болған жол апатында тірі қалған жүргізушіге күрделі ота жасалды - © Otyrar.kz
© Otyrar.kz

ОҚО-да болған ірі жол апаты кезінде зардап шеккен жүргізушіге ота жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеевке сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының зардап шеккен тұрғыны Гурифулла Серікбевтың бауырына күрделі ота жасалды. Қазір оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Ер адам Арыс-Шардара тасжолында КамАЗ-бен соғысқан көліктің тізгінінде отырған. 

Жеңіл көлікте отырған бес жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Олар әртістер - мектеп оқушылары мен студенттер болатын.

Полицияның түсіндіруінше, олар Шардара қаласына тойға бара жатқан. Жолаушылар мен жүргізуші той өткізуі керек болатын. Жүргізуші үнемі той жүргізетін, араларында кәсіби биші де болған екен.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 13 қарашада болған. Оның саладырнан бес адам мерт болды, олардың үшеуі студент және екеуі 9 сынып оқушылары. Полицияның мәліметінше, жеңіл көлік пен КамАЗ-дың соқтығысуына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол мас күйінде қарсы бағытқа шығып кеткен. Ер адам ұсталды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай