26 шілде 2016 09:17

ОҚО-да жоғалған кәсіпкер әйелімен байланысқа шығып, іздеу туралы арызды қайтарып алуын сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.KZ © Otyrar.KZ

Александр Кривошапкин өзін іздеп жатқаны туралы ақпаратты БАҚ беттерінен біліп, өзінің отбасына Шымкентте тұратын танысы арқылы байланысқа шығады. Айтуынша, Ресейде жүр. Әйеліне сәлем айтып, өзінің дені сау екенін білдіреді. Бір қызығы, жолған азамат келіншегіне полициядан өзін іздеу туралы арызды алуын өтініпті.

Дегенмен, криминалдық полиция қызметінің өкілдері Александр Кривошапкиннің қай жерде екені анықталмайынша немесе полицияға өзі келмейінше іздеу жұмыстарын жалғастыратынын айтқан, - деп хабарлайды Otyrar.KZ басылымы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Еске салайық, 21 шілдеде Абай полиция бөліміне 33 жастағы азаматша арызданып келген. Ол 20 шілдеде 15:15-те күйеуі, Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны Кривошапкин Александрдың жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтады. Александрдың қолындағы сөмкеде 800 мың теңгедей ақшасы болыпты. Оны жұмысшылардың жалақысы деп айтқан екен.

Полицейлер дереу Кривошапкинді іздеуге кіріскен. Осы мақсатта ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінің қатысуымен топ құрылып, жоғалған азаматтың фотосуретімен бағыттама беріледі. Айта кетейік, жедел іздестіру нәтижесінде хабарсыз кеткен азаматтың автокөлігін полицейлер Шымкенттегі Айбергенов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласынан тапты. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети