Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ОҚО-да медициналық колледждің студенті жоғалып кетті

05 Маусым 2016, 12:04
1
Ғазиза Қайратова
Ғазиза Қайратова

ОҚО-да медициналық колледждің студенті жоғалып кетті. Анасы оның қандай себеппен жоғалуы мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Анасының айтуынша, студент қызы оқуының ақшасын бір жыл бойында төлемеген және бұл оның жоғалуының себебі болуы мүмкін. Қызының оқу ақшасы төленбегенін ата-анасы Түркістандағы медициналық колледжге оны іздеп барғаннан кейін бірақ білген. Анасының айтуынша, Ғазиза оқыған топтың кураторы төлем өткен оқу жылынан бері төленбегенін айтыпты, қыз өмір жағдайының қиын және қаражатының жоқтығын айтып, соза берген. Ал ата-анасы ертерек хабар алмағаны үшін колледж басшылығына өкпелі.

"Ол Қызылордадан кешкі уақытта жолға шықты, таксиге өзім салып жібердім. Кейін жол бойында хабарлама жазды, жеткенде үйге аман-есен кіргенін айтып, хабарласты. Ол құрбысы Гүлнара Сәрсенбаеваның бөлмесін жалдап тұрып жатқан. Келесі күні таңда әдеттегідей телефон соға бастадым, бірақ телефоны сөндірулі болды, түскі уақытта тағы хабарластым. Өзгеріс болмады. Кейін құрбысына хабарласқанымда қызымның бармағанын айтты. Біз дереу Түркістанға жолға шықтық, құрбысы есік алдында күтіп алды, бірақ үйіне кіргізбей қойды, - дейді жоғалған қыздың анасы. - Сосын біз колледж басшылығына бардық, қызымыздың бір жыл бойында оқудың ақшасын төлемегін білдік, бірақ барлық емтиханы мен практикасын тапсырып тастаған. Оқу мекемесінің кураторы бұған қалай жол берді?!", - дейді ол.

Анасы қызының оқу ақшасын төлемегені үшін қорқып жүрген болуы мүмкін екенін айтады. Анасы оған ұрыспайтынын және үйге қайтуын сұрап отыр. Ата-анасы құқық қорғау органдарына хабар беріпті.

Еске салайық, Ғазиза Қайратова 31 мамырда Қызылордадан Түркістанға жолға шыққан. Бұл туралы анасына хабарлаған. Осыдан кейін қыз ұшты-күйлі жоғалған. Ғазиза Қайратованы іздестіру бөлімінің қызметкерлері іздеп жатыр. "Ата-анасы қызының жоғалғанын айтып, хабарласты. Ол Түркістан қаласындағы медициналық колледждің студенті. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде тіркелді", - деп хабарлады полициядағылар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай