24 сәуір 2017 19:03

ОҚО-да суға батқан баланың денесін ағыс 60 шақырымға алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында суға батқан баланың денесін ағыс 60 шақырымға алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ТЖД құтқару бөлімінің басшысы Павел Вишенинге сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысында суға батқан баланың денесін ағыс 60 шақырымға алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ТЖД құтқару бөлімінің басшысы Павел Вишенинге сілтеме жасап. 

Құтқарушылар жасағы Келес өзенінен алты күн бойы баланы іздеген. Қайғылы оқиға туралы мәлімет Сарыағаш ауданы Жамбыл ауылынан түскен. Бала абайсызда өзенге құлап кеткен, оның жанында ересек адамдар болмаған. Құтқару-сүңгуір қызметінің бес адамы ауа температурасының 7 градус көрсетіп тұрса да іздеу жұмыстарын тоқтатпаған. 

"5-6 метр тереңдікте жұмыс істеу керек болды. Ағыс қатты болды және көру мүмкіндігі тым нашар. Өзеннің ені 40 метр құрайды, соған қарамастан біздің құтқарушылар барлық шұңқырларды қарап шықты, - дейді Павел Вишенин. 

Құтқарушылардың айтуынша, 1992 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ол осыдан екі апта бұрын Арыс өзеніне құлап кеткен. Іздеу жұмыстары ағыстың қатты болуына және судың ластығына байланысты уақытша тоқтатылды. Құтқарушылардың мәліметінше, ОҚО су қоймаларында жеті адам суға кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети