27 мамыр 2018 14:01

ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері суицид жасаған полицейге қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД өкілдері суицид жасаған полицейге қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, 17 мамырда 25 жастағы полиция қызметкері өзіне қол салған. 

"Суицид дерегі Ордабасы аудандық ІІБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелген. Тергеушілер соталды тергеу бастап, сараптама тағайындалды. Ал ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аудандық жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - делінген полиция баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Өңірлік ІІД өкілдерінің айтуынша, өзіне қол салған полицей аудандық полиция бөлімшесінде 2011 жылдан бастап қызмет атқарып келген. Ол ҚР ІІМ білім беру мекемесінде оқуын тәмамдағаннан кейін тұрғылықты жері бойынша Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне қызметке тұрған. Ол 2018 жылдың 27 қаңтарынан бері аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ ювеналдық полиция инспекторы қызметінде болып келді.

"Жұмысында ол жағымсыз жағынан сипатталды, полиция бөлімінің есебінде тәртіптік ережебұзушылыққа жақын қызметкер ретінде тұрды. Әріптестерімен жалдамалы баспанада тұрды. 14 мамырда, дүйсенбіде ЖПҚ инспекторы жиналысқа мас күйде келді. Аудандық ІІБ басшылығы осыны ескере отырып, инспектордың куәландырудан өтуін талап етті. Сол күні полицей облыстық наркологиялық диспансерде куәландырудан өтті. 16 мамырдағы сараптама қорытындысы оның қан құрамында алкогольдің барын көрсетті", - деп хабарлады ОҚО ІІД өкілдері.

"Полицейдің анасы бірнеше жыл бұрын дүние салған, сондықтан аудандық ІІБ ЖПҚ басшысы қызметкердің жұмыс уақытындағы теріс әрекетін әкесіне хабардар еткен. Әкесі ешқандай да жауап қатпаған", - деді полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети