02 желтоқсан 2014 14:27

Оқушыны зорлағаны үшін сотталған адамның жазасы жеңілдетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©shutterstock.com ©shutterstock.com

Ақтөбе облысында оқушыны зорлағаны үшін сотталған адамның үкімі жеңілдетілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 


Ақтөбе облысында оқушыны зорлағаны үшін сотталған адамның үкімі жеңілдетілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ер адам үш жылға сотталған, ал оның серіктері сот залында босатылды. Сотталушы Жармағанбетов мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға өтініш берген. Сот оның жазасын бір жыл төрт айға бостандығын шектеумен ауыстырды.

Үкімді жеңілдетуге мына жайт себеп болды: 14 жастағы мектеп оқушысының төрт ер адаммен жыныстық қатынасқа өз еркімен түскені анықталды. Сотта Жармағанбетовті қорғаған адвокат Күләш Маньконың айтуынша, жәбірленуші айыпталушыларға кінә артудан бас тартты. Сотталғандар оған өтемақы төлеген, Жармағанбетовтен басқа үш сотталушыға қатысты іс тараптардың ымыраласуымен аяқталды. 

Бұған дейін сот істің мән-жайын баяндаған еді. Бұл оқиға 2013 жылдың мамыр айында болды. Жәбірленушінің әкесі қызымды төрт ер адам зорлады деп мәлімдеді. Оқушы қыз олардың бірімен әлеуметтік желіде танысқан. Жәбірленушінің айтуынша, оның жаңа танысы өз достарымен бірге қызды далалыққа апарып, ойларына келгенін істейді, кейін ешкімге айтпа деп қорқытады. Бірнеше аптадан соң ер адамдар тағы келіп, қызбен жыныстық қатынасқа бармақ болады, бірақ оларға қыздың әкесі кедергі келтіреді. 

Соттың мәліметінше, оқушы қыз ер адамдармен өз еркімен жыныстық қатынасқа барған. "Зорланғаннан" кейін ол Жармағанбетовпен сөйлесіп тұрады, бір айдан кейін қыз ер адамдармен тағы да кездеседі. Кейін бұл нұсқаны қыздың өзі растады. Сот-медициналық сараптамасы жәбірленушінің денесінен ешқандай жарақатты таппады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети