09 қараша 2018 09:19

Оралда 19 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлдана Тұржанова. © Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет Гүлдана Тұржанова. © Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған сурет

Оралда 19 жастағы студент қыз Гүлдана Тұржанова іздестіріліп жатыр. Ол үйінен 21 қазанда кетіп, сол күйі оралмаған, өзімен бірге не ақша, не киімдерін алып кетпеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

"Сол күні кешке біз кешкі уақытта бірге тамақтандық. Сосын мен ұйықтадым, таңертең қарасам Гүлдана үйде жоқ. Оның барлық заты - құжаттары, ақшалары, сөмкесі барлығы бөлмесінде тұр. Қызым бес минутқа шығып, сол күйі жоғалып кеткен сияқты", - дейді қыздың анасы Альбина.

Туыстарының айтуынша, үйде ешқандай жанжал болмаған. Гүлдана үйдегілерді ескертпей ешқайда кетпеген. 

"Гүлдананы көргендер немесе ол жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден көмек сұраймыз", - дейді жоғалып кеткен қыздың анасы.

Гүлдана Тұржанованың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден 102 нөміріне немесе қыздың анасы Альбинаға - 8 777 569 10 88 хабарласуды сұраймыз.

"Мой Город" мәліметінше, Гүлдана жоғалып кеткен оның әлеуметтік желідегі парақшаларының барлығы өшірілді. Жазда ол диплом алуы тиіс екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети