28 маусым 2021 08:28

Оралда автобустағы жанжал жаппай төбелеске ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Оралда автобус салонында жанжалдасқандар аялдамаға шығып алып, жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда автобус салонында жанжалдасқандар аялдамаға шығып алып, жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер түсірген видео кадрларынан ер адамдарды оқиға орнына келген полицейлер ажыратқанын көруге болады. Алайда оларға да құлақ асар ешкім болмаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UralskGorod (@uralskgorod)

БҚО полиция департаменті өкілдері оқиға 27 маусымда сағат 16.00-де болғанын хабарлады. Автобус аялдамасының маңында бірнеше адам бұзақылық әрекет жасаған. Автобус салонында 23 және 38 жастағы ер адамдар жанжалдасқан.

"Ерегес төбелеске ұласып, көшеде жалғасты. Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Төбелескен екі адам мас болған. Олар уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жатқызылды", - деді полицейлер.

Оқиғадан ешкім зардап шекпегені анықталды. Қазір оларды ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети