30 тамыз 2020 10:13

Оралда әйел таксиде босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Орал тұрғыны таксиде босанды. Оқиға сенбі, 29 тамызда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.


Орал тұрғыны таксиде босанды. Оқиға сенбі, 29 тамызда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Куәгер оқиғаны видеоға түсірген. Кадрлардан көлікте туған нәрестенің кіндігін кесіп жатқан сәтті көруге болады. 

"Досым екеуміз Правдухин мен Московская көшелерінің қиылысында көлік жуу орнында әңгімелесіп тұрғанбыз. Артынша жақын маңда Volkswagen көлігінің тоқтағанын байқадық, ал оның артына жедел жәрдем көлігі келіп тоқтады. Досым Тимур Мұхамедьяров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ол шақыртуға жас фельдшерлер келгенін байқап, "Көмек керек емес пе?" деп сұрады", - деді Азамат Әбуғалиев.

Ер адамдар көлікке жақындаған соң, онда әйелдің босанып жатқанын көрген. "Тимур бірден қолғап, алкоголь сұрап, босанып жатқан әйелге көмектесті. Кіндігін кесті. Бәрі жақсы болды. Анасының да, баласының да жағдайы жақсы", - деді куәгер. 

Әйел перинаталдық орталыққа жеткізілген. Таксиде ұл бала дүниеге келді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети