04 қыркүйек 2020 14:07

Оралда ерікті үйдің қабырғасына граффити салу кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ерікті граффити салу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда ерікті граффити салу кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 жастағы Самат Шайдаллаұлы 10 қабатты үйге граффити салып жатқан суретшіге көмектескен.

Оқиға болған жер

"Самат шатыр жақта болды, ал мен жаққыштарды жуып жаттым. Ол Uralsk Runners қозғалысының еріктісі болды, ол бізге барынша көмектесті: техникалық жағынан да. Тамақ та әкеліп тұрды. Бұл өте өкінішті", - деді суретші Ақмарал Ғазиева.

Бұл оқиға 1 қыркүйекте түнгі уақытта болған. Бүгін Оралда еріктіні жерлеу рәсімі өтіп жатыр.

Орал полициясы басқармасының өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Жұмыс кезінде ол шатырдағы жоғары вольтты сымдарға тиіп кеткен. Ток соққысынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полициядағылар.


Артында екі баласы қалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети