Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелге алтыншы ота жасалды

07 Ақпан 2018, 13:41
0
Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйелге алтыншы ота жасалды - Әселім Нығметова.
Әселім Нығметова.

Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған Оралда жарылыстан денесінің 85 пайызын күйік шалған әйел Әселім Нығметоваға осы күнге дейін терісін қайта қалпына келтіру бойынша алтыншы ота жасалды, - деп хабарлайды "Мой Город".

Басылымның мәліметінше, зардап шеккен әйел Ресейдің Самара қаласындағы клиникада ем алып жатыр.

"Әселімнің терісінің 40 пайызы қайта қалпына келді. Бірақ ол әлі күнге дейін жансақтақтау бөлімінде жатыр. Оған күйеуінен басқа ешкімді кіргізбейді. Қазір кещенді ем алып жатыр, жақында тағы да бірнеше ота жасалады", - деді Әселімнің туысы Ерлан Нығметов.

Сондай-ақ, Ерлан Нығметов бірнеше күннен кейін клиникадағылар ем үшін қанша қаражат кеткенін айтады. Әзірше қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.

Осыған дейін Әселім Нығметованың жағдайы жақсарғаны хабарланған болатын. "Осы күнге дейін тыныс алып келген түтікті алып тастады. Енді өз бетінше тыныс алып жатыр. Сөйлей де алады. Бірақ сөйлеу оған біраз қиындау болып жатыр", - деген еді әйелдің туысы Ерлан Нығметов.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Оралда газ баллонының жарылуынан 37 жастағы әйелдің зардап шегіп, оның туыстарының көмек сұрағаны хабарланған болатын. Әйелдің бауыры Ерлан Нығметов әпкесінің Самараға жекеменшік жедел жәрдемнің арнайы көлігінде жеткізілгенін айтқан еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай