27 маусым 2017 13:19

Оралда құрылыс маңынан нәресте табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Оралда қала көшелерінің бірінде жөргекке ораулы нәресте табылды, - деп хабарлайды "Орал апталығы" газеті. 


Оралда қала көшелерінің бірінде жөргекке ораулы нәресте табылды, - деп хабарлайды "Орал апталығы" газеті. 

26 маусымда кешкі 8 шамасында 102 пультіне қаланың 4-ықшамауданында, құрылыс жүріп жатқан маңда нәрестенің табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден полиция мен жедел жәрдем барған. 

Нәрестені құрылыста күзетші болып істейтін Николай Плотников көрген. Оның сөзінше, баланың даусын естіген соң ол аумақты қарап шыққан. Жөргекке ораулы нәрестені көрген ол өтіп бара жатқан адамдарды шақырған, өз кезегінде олар полиция мен жедел жәрдем шақыртқан. 

Жедел жәрдем дәрігерлерінің ақпараты бойынша, азиялық келбеттегі нәресте шамамен бір жарым айлық. Балаға мұның алдында жақсы қарағаны байқалады, қарны тоқ, кіндігіне көк дәрі жағылған. Баланы маса шақпас үшін бетіне дәке жауып қойған. Сәби балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы жақсы. 

Қызметтік ит ізге түсіп, жақын маңдағы үйлердің біріне барған. Алайда, тұрғындар үйлерінде нәрестенің болмағанын айтады. 

Қазір полиция баланың тұлғасын анықтап жатыр. 


© uralskweek

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети