17 қыркүйек 2021 15:25

Оралда тағы жаппай төбелес болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жастар ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында төбелес шығарды. Оқиға жедел басқару орталығының бақылау камерасына түскен. Полиция оқиғаға тез жетіп, төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда жастар ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында төбелес шығарды. Оқиға жедел басқару орталығының бақылау камерасына түскен. Полиция оқиғаға тез жетіп, төбелесті тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода жастар Оралдағы ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында төбелесіп жатыр. Полицияның айтуынша, полиция қызметкерлері жастарды әрең тыныштандырған. Олар алкоголь мен есірткіге мас болған.

"7 қыркүйекте түнгі сағат бірлер шамасында белгісіз адамдар бұзақылық ниетпен 25 жастағы жігітке дене жарақатын салған, полиция қызметкерлері оқиға орнынан қашып кетпекші болған 24, 27 және 28 жастағы үш ер адамды ұстады. Көлік тізгініндегі 27 жастағы жігіт алкоголь мен есірткіге мас болған ", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Жүргізушіні ҚР ҚК-ның 346-бабы 1-бөлігі "Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы"  бойынша жауапкершілікке тартады.

Жақында әлеуметтік желілерге Орал медициналық колледжі жатақханасының жанында болған тағы бір жаппай төбелестің видеосы жарияланған болатын. Оқу орнының әкімшілігі екінші курс студентін басқа университет студенттер ұрғанын хабарлады. Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети