28 тамыз 2021 10:51

Өртенген көліктер. Тараздағы жарылыс орнынан суреттер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/taraz_v_obektive Фото: Instagram/taraz_v_obektive

Желіде Тараздағы жарылыс орнынан фотосуреттер мен видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Тараздағы жарылыс орнынан фотосуреттер мен видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі Taraz_v_obektive парақшасында жарылыс болған жердің суреттері бар, өрттің видеосы жарияланды. 

Фото: Instagram/taraz_v_obektive

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети